«Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы жылдың 16 наурызы аралығында қалада 1 151 916 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 116 121 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде жасы 60-тан асқан адамдардың саны 125 053», - делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда Pfizer вакцинасын 59 544 адам салдырды. Оның ішінде 3 388 жүкті әйел, 13 065-і бала емізетін ана және 42 971 жасөспірім бар. 285 658 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті.
«Бүгінгі таңда қалада медицина мекемелерінде 137 вакцинация пункті жұмыс істейді. 175 вакцинация бригадасында 555 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.