ЮНЕСКО әлемдік мұралар қатарына қосқан Сириядағы 6 тарихи нысанның бірі Пальмира 2015 жылдың мамырынан бері «Ирак пен Левант лаңкестік ұйымының» бақылауында болған еді. Алайда үкімет әскері мен «Дала сұңқарларының» жауынгерлері өткен жексенбіде қаланы содырлар қолынан толықтай азат етті. Қарулы қақтығыс кезінде тарихи нысандар едәуір зардап шеккен. Қазір оларды қалпына келтіру үшін қанша шығын кететіні есептеліп жатыр. Жергілікті билік «қаланы қалпына келтірмес бұрын аймақты жарылғыш заттардан тазарту керек», - дейді. Егер саперлер өз жұмысын аяқтаса, онда тұрғындар да көп ұзамай үйлеріне оралады, деп жазады 24.kz.
02:04, 02 Сәуір 2016
60 ұйым Сириядағы тарихи жәдігерлерді қалпына келтіруге ниет танытты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирияның Пальмира қаласындағы тарихи ескерткіштерді қалпына келтіруге әлемнің 60 ұйымы атсалысуға дайын. Хомс провинциясының губернаторы Талал Әль-Барази осындай мәлімдеме жасады.