Эдгар Бемнің сөзіне қарағанда, «Еурошоу жылдығы» шоуы өткенге саяхат сынды болмақ. Онда өткен жылдардағы Евровидение жеңімпаздары өнер көрсетеді. Шоуға қатысуға финляндиялық Lordi тобы, израильдік әнші Dana International, 2012 жылғы еурошоудың жеңімпазы швециялық LOREEN және басқалар да өз келісімдерін берді.
Мерейтойлық концерт Евровидениенің ақтық сынынан соң болады. Нақты мерзімі кейінірек белгілі болмақ, делінген байқаудың ресми сайтында.