АСТАНА. ҚазАқпарат – «Битлздың» қайта қосылуы: Пол Маккартни, Джордж Харрисон және Ринго Старрға тиесілі болған үш Mini Cooper Лондон көрмесіне қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.
Бұл модель өткен ғасырдың 60-жылдарында Лондонның символына айналды. Mini Cooper 60 жыл бұрын Лондон көшелерімен жүруге ыңғайлы көлік болса, «Битлз» мүшелері нағыз машина коллекциясын жинаушылар еді.
Mini Cooper-дің 60 жылдық мерейтойына арналған шараға «керемет төрттіктің» тек үш көлігі қойылды. Джон Леннонның автосы 1970 жылдары апат кезінде жоғалып кеткен. Ол апаттың мән-жайы сол күйі ашылмаған.
Фото: yablor.ru
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.