600 адам ауыз судан уланды, 18-нің жағдайы аса ауыр

АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Түркияның Самсун қаласында ауыз судан жаппай улану оқиғасы орын алды.

600-ге жуық адам Терме округының ауруханасына бірдей ауру белгілерімен: дене қызуының көтерілуі, лоқсу, асқазанның бұзылуы бойынша шағымданды. Жаппай улануға байланысты ауыз судың үлгілері алынып, зертханаға сараптамаға жіберілді. Терме округының басшысы Фахри Мералдың хабарлауынша, судан уланған 18 адам ауыр халде жатыр.