«Республикалық апелляция комиссиясына тест тапсырмаларының мазмұнына шағым айта 243 бітіруші (2017 жылы - 199) жүгінген. Соның 101-і қанағаттандырылды (2017 жылы - 103). Ал техникалық себептерге байланысты білдірілген 396 шағымның (2017 жылы - 13) 120-сы қанағаттандырылды (2017 жылы - 8)», - деп мәлімдеді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық бірыңғай тестілеу» РМҚК директоры Рамазан Әлімқұлов.
Оның айтуынша, биыл ҰБТ-да пайдаланылған мазмұны бойынша қанағаттандырылған тест тапсырмаларының жалпы саны 0,3% болды. Ағылшын тіліндегі тест тапсырмаларына шағымданып ешкім жүгінбеген.
Еске сала кетейік, биыл ҰБТ-ның шектік деңгейін еңсере алмағандардың саны он бес мыңға жуықтағанын хабарлаған болатынбыз.