«Жаңа ережелер енгізілгеннен кейін биометрикалық төлқұжатпен 600-ге жуық отандасымыз визасыз Украинаның мемлекеттік шекарасын қиып өтті», - делінген Украина мемлекеттік шекара қызметінің сайтында жарияланған хабарламада.
Құжатта көрсетілгеніндей, виза жүйесін әртараптандыру барысында Киевтің өтініші бойынша Мемлекеттік шекара қызметі қызметкерлерімен бірлескен шараға ЕО-ға мүше 9 елдің шекара және FRONTEX жағалау күзетінен тұратын Еуропалық агенттік өкілдері қатыстырлады.
ЕО Кеңесі 11 мамыр күні Украина азаматтары үшін визасыз жүйені бекітті, 22 мамыр күні бұл шешім ЕО-тың ресми жаршысында жарияланды. Ол жарияланғаннан кейін 20 күн өткенде, 11 маусым күні түнде өз күшіне енді.