ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Биыл қаңтар-сәуір айлары аралығында Өзбекстанға 3,1 миллионнан астам шетелдік турист келді, бұл өткен жылдың сәйкес кезіңімен салыстырғанда 46,4%-ға көп, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Өзбекстанның Ұлттық статистика комитетінің өкілдері мәлім еткендей, елге саяхаттап келген шетелдіктердің көбі — Қырғызстан (942,2 мың адам) мен Тәжікстан (793,9 мың адам) азаматтары.
Бұл ретте үштікті Қазақстан түйіндейді. Биыл қаңтар-сәуір аралығында 617 мыңнан аса қазақстандық демалысын Өзбекстанда өткізген.
Туристердің көбі Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Хиуа қалаларының көрікті жерлеріне саяхаттаған.
Еске салайық, 2024 жылы Өзбекстан 2,2 млн қазақстандық саяхатшыны қабылдауды жоспарлаған еді. Дегенмен былтыр 11 айда елге 1,3 миллионнан астам қазақстандық турист келген.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.