62 келі салмақ дәрежесіндегі финалда жерлесіміз Ирина Кузнецова Алматы облысының өкілі Тыныс Дүбекпен бозкілемде белдесті.
Белдесудің алғашқы кезеңінде Кузнецова белден асыра лақтыру әдісін сәтті орындап, бірден 4 ұпай еншіледі. Кейін тағы бір ұпай алып, есепті 5:0-ге жеткізді.
Екінші кезеңде де астаналық балуан қарқынын бәсеңдеткен жоқ. 5:0 есебі тіркелген сәтте Кузнецова қарсыласын таза жеңіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.
Осылайша, Ирина Кузнецова әйелдер күресінен Қазақстан кубогының алтын медалін жеңіп алды.
Айта кетейік, Ирина Кузнецова — U23 Азия чемпионы.
Айта кетейік, Қазақстан кубогында грек-рим күресінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.