63 мыңнан астам оқушы жаңа бағдарлама бойынша оқиды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Жаңа оқу жылында Алматыда 4,9,10 сыныптардың 63 мыңнан астам оқушысы жаңа бағдарлама бойынша оқиды. Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасының бастығы Гүлнәр Қожабергенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалада жалпыбілім беретін 204 мемлекеттік, 55 жеке меншік мектеп бар. Онда 257 мыңнан астамоқушы оқиды. Орта білім саласында негізгі әдістер анықталған. Қазіргі уақытта НазарбаевЗияткерлік мектебінің тәжірибесі таратылуда. Жаңа интеграцияланған білім берубағдарламасы балалардың қабілеттерін дамытуға, оқушылардың білімі мендағдыларын нақты тәжірибеде және функционалдық сауаттылықта қолдануғабағытталған. 2016 жылдан бастап НЗМ тәжірибесіне сәйкес 1,2,3,5,6,7,8 сыныптаржаңартылған білім беру мазмұнына көшкен болатын. Жаңа оқу жылында 4,9,10сыныптардың 63 мыңнан астам оқушысы жаңа бағдарлама бойынша оқитын болады. Осыбағытта 15 мыңнан астам мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан өтті », -дейді Г.Қожабергенова Алматыдағы білім беру қызметкерлерінің форумыбарысында.

Оның айтуынша,химия, биология, физика және информатика пәндерінде ағылшын тілін қолданубойынша жұмыс жалғасады.

«Қазіргі уақыттааталған пәндердің оқытушылары ағылшын тілін үйренуде, курс осы жылы аяқталады», - деді департамент басшысы.

Айта кету керек,бүгін Алматыда білім беру қызметкерлерінің форумы өтіп жатыр, оның барысында 2018-2019 оқу жылының қорытындысышығарылып, жаңа 2019-2020 оқу жылына арналған стратегиялық міндеттерайқындалады.

Соңғы жаңалықтар