65% отандық ғалымның ғылыми дәрежесі жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық ғалымдардың тек 35 пайызының ғылыми және академиялық дәрежесі бар.

Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған 2023-2029 жылдарға арналған жоғары білім және ғылымды дамыту тұжырымдамасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылғы дерек бойынша Қазақстанда 21 617 ғылыми қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде 17 092 зерттеуші маман бар. Олардың тек 35 пайызы ғана ғылыми және академиялық дәрежеге ие», - делінген тұжырымдамада.

Бұл мәселелерді шешу мақсатында министрлік ғылыми қызметкерлерді ынталандыру тетіктерін енгізу керек деп есептейді.

Атап айтқанда, гранттық жобаларды қаржыландыру көлемін арттыру мен мамандардың жалақсын көтеру бойынша жұмыстар қолға алынады. Сонымен қатар, тұжырымдамада қызметкерлердің кәсіби біліктілігін жетілдіру ісіне де ден қойылатыны жазылған.

Құжатты ашық талқылау 3 наурызға дейін жалғасады.