Оқиға Португалияда орын алған.
65 жастағы турист әйел ауруханаға жеткізілді. Ол жүзіп кеткен Marco Polo кемесінде жұбайы Майкл бар деп ойлағандықтан суға секіргенін түсіндірді.
Браунның түсіндіруінше, олар жұбайымен бірге саяхатын тоқтатуды шешіп, елге оралу үшін әуе билеттерін сатып алған. Майдейра әуежайында турист әйел жұбайын жоғалтып алып, оны лайнерге оралды деп ойлаған.
Суда үш сағаттан астам уақыт болған британдық әйелге суық тиген. Оны жергілікті балықшылар құтқарып алды. Қазіргі кезде онымен психиатрлар жұмыс істеуде.