Оның сөзінше, жаңа талап жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейтуге және жүргізушінің денсаулық жағдайына байланысты болуы мүмкін жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.
– 2026 жылғы 25 тамыздан бастап 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар жүргізушілер екі жылда бір рет міндетті медициналық тексеруден өтеді. Медициналық тексеруден өткені туралы мәлімет Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелері арасында автоматты түрде алмасады, – деді Нұрлан Уваев.
Оның айтуынша, жүргізуші белгіленген мерзімде медициналық тексеруден өтпесе немесе дәрігерлер көлік басқаруға кедергі келтіретін медициналық қарсы көрсетілім анықтаса, оның көлік құралын басқару құқығы тоқтатылады.
Жаңа тәртіп бойынша жүргізушілерден қағаз түріндегі медициналық анықтама талап етілмейді. Медициналық тексеруден өткені туралы ақпарат мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы автоматты түрде тексеріледі.
– Енгізіліп жатқан өзгерістердің негізгі мақсаты – айыппұл санын көбейту емес, жолдағы қауіпсіздікті күшейту, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, – деді ол.
Айта кетейік, Астанада жол ережесін 87 рет бұзған жүргізуші қамауға алынған еді.