66 ақтөбелік шағын кәсіпкерлік субьектілері мемлекет тарапынан сервистік қолдауға ие болады

None
АҚТӨБЕ. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - 66 ақтөбелік шағын кәсіпкерлік субьектілері «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша сервистік қолдауға ие болады.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ филиалының бас менеджері Берік Нұрғалиевтың айтуынша, кәсіпкерлерге бухгалтерлік және салық есебін сондай-ақ статистикалық есепті жасау сияқты қызметтер түрі ұсынылады.

Оған қоса, кәсіпкерлер менеджмент жүйесінің сапасын енгізу, маркетинг мәселесі бойынша және заң жөнінен консультация беретін мекемелер жайында кеңес ала алады. Сонымен қатар ақпараттық технология саласында қызмет көрсетіледі.

Кәсіпкерлерге 2011 жылы тендер ұтып алған 8 сервистік компания қолдау көрсетіп отыр.

Сервистік қолдау экономика саласында қызмет атқарып жүрген шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпкерлерге беріледі.

Атап айтсақ, ауыл шаруашылық саласы, жиһаз жасайтын, азық-түлік өнімін шығаратын өндірістер, сондай-ақ транспорттық қызметтер, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыратын мекемелерге сервистік қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар компьютерлік және тағы да басқа қызметтер түріне арналған.

Осы аталмыш қызмет түрлеріне ие болу үшін кәсіпкерлер Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына өздерінің өтініштерін тапсырып жатыр.