TSN журналисінің айтуына қарағанда, оқиға былай өрбіген. Олимпиадаға баруы тиіс «Ванкувер» хоккей клубының шабуылшысы Райан Кеслер өзінің телефон нөмірін ауыстырған, ал оның ескі нөмірді 67 жастағы қала тұрғыны алыпты. Бұл туралы білмеген жаттықтырушылар штабы ескі телефон нөміріне СМС хабарламасын жіберіпті.
Зейнеткер болса, өз кезегінде Сочидағы Олимпиадаға қатысу мүмкіндігінен бас тартпады.
«Мен 67 жастағы канадалықпын, алайда АҚШ үшін ойынға қатысуға дайынмын, - деп жауап берген зейнеткер. - Меніңше, бүкіл Канада бұған қуанады».