Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
13 шілдеде терапевтерден, кардиологтардан, хирургтерден, педиатрлардан, гинекологтардан, офтальмологтардан, стоматологтардан және зертханалық-диагностикалық қызметінің (УДЗ, ЭКГ, рентген зерттеулері) мамандарынан құрылған жұмылдыру топтарының Қарағанды облысының Ақтоғай ауданына шығуы ұйымдастырылытын болады.
Профилактикалық тексерулерді өткізуге және консультативтік-диагностикалық көмек көрсетуге Қарағанды, Жезқазған және Балқаш қалаларының медициналық қызметкерлері тартылады.
Ақтоғай ауданынан кейін 4 жылжымалы медициналық кешең Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарына жіберіледі.
Ауыл тұрғындарына салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері, әлеуметтік маңызды аурулар бойынша оқу-ақпараттық және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республиканың барлық өңірінде «Денсаулық жолы - 2015» кең көлемдегі акциясы өтетіндігін естеріңізге саламыз.