НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «7-20-25» бағдарламасы аясында 199 млрд теңгеге есептелген 17 328 өтінім мақұлданды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша осы жылғы 9 сәуірде 199 млрд теңгеге 17 328 өтінім мақұлданып, оның 173,2 млрд теңге сомасына 14 616 қарыз берілді«, - деді Ұлттықбанк төрағасы.
Ерболат Досаевтың айтуынша, дағдарысқа қарсы шаралар аясында Ұлттық банк айыппұлдар мен өсімпұлдардан босату, негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдердің мерзімін 90 күнге дейін ұзарту арқылы бағдарламаның қарыз алушыларын қолдауды көздейтін өзгерістер енгізген.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.