7-20-25: Астана мен Алматыға жақын аймақтарда ипотеканың шекті бағасы көтерілді
Бас банкирдің айтуынша, бағдарламаға бірқатар өзгерістер енгізілді. Мәселен, Шымкент республикалық маңызы бар қала дәрежесін алғаннан кейін ол жерде «7-20-25»-тің шекті сомасы 25 млн теңгеге дейін көтерілді. Бұдан бөлек, Астана мен Алматы қалаларына жақын аймақтарда ипотеканың сомасы тура солай жоғарылады.
«Бірақ бағдарлама азаматтарымыздың масылдығын жасамауы тиіс. Бағдарлама ставкасы төмен, ал кредит беру мерзімі ұзақ, әлеуметтік бағыттағы бағдарлама болып табылады. Бірақ ол ипотека болып қала береді. Бұл кредитті төлеу үшін ресми расталған кіріс болу керек дегенді білдіреді. Мысалы, құны 10 миллион теңгенің пәтерін сатып алу үшін 2 миллион теңге мөлшерінде бастапқы жарна қажет. Ай сайынғы төлем 57 мың теңге болады. Тиісінше, банктің мақылдауын алу үшін азаматтың ай сайынғы кірісі, шамамен, 120 мың теңге болуға тиіс. Себебі «кредит бойынша борыш көлемі кірістің жартысынан аспауы тиіс»деген ереже бар. Сондықтан xалықтың төлем жасауға қабілетті болуы бағдарламаның сәтті іске асырылу факторларының бірі болып табылады», - деді Д.Ақышев Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Айта кетейік, бүгін Министрлер кабинеті Президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыру барысын қарады. Соның аясында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты өзгерістерді жариялады. Ал Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев студенттік жатақxаналардың құрылысын ұзаққа созбауды тапсырды.