«Елбасының тапсырмасын орындау үшін Ұлттық банк қаржы секторын қалыпқа келтіру саясатын жалғастырады. Қадағалау бойынша халықаралық практиканы енгізуді жалғастырамыз. Оның ішінде тәуекелге бағдарланған негізде кредиттеуді арттыруда маңызды қадамдардың бірі - кепілді кредиторлардың абсолютті басымдығы бойынша заңнамалық түзетулер. Бұл түзетулерді заңнамаға енгізу керек. Бұл түзетулер кредиторлардың кәсіпорын банкроттығына мүдделілігін арттырады. Нақты секторды қалыпқа келтіреді. Эконокамикалық айналымға кепіл мүлкін тартуға мүмкіндік береді»,- деді ол.
Оның айтуынша, Ұлттық банк 2019 жылы банк активтерінің сапасын жан-жақты бағалау жұмысына дайындықты бастайды. Бұл мәселені банктермен талқылау жүргізіліп жатыр.
«7-20-25» бағдарламасы сияқты біз халықтың отандық автомобильді сатып алуына кредит беру бағдарламасын әзірлеуге дайынбыз. Бұл үшін жұмысты мемлекеттік органдар және банктермен бірінші жартыжылдықта пысықтаймыз. Бағдарламаны екінші жартыжылдықта іске қосуға дайынбыз», - деді Данияр Ақышев.