Архимед Мұхамбетов өз сөзінде Президенттің Бес әлеуметтік бастамасының іске асырылуы барысын жан-жақты хабардар етті
«Облыста 2 мың студентке арналған 5 жатақхана құрылысы жоспарланған. Шағын несие беруді кеңейту үшін 4,1 млрд теңге қарастырылған. Қазірге дейін сомасы 2,8 млрд.теңге тұратын 772 шағын несие мақұлданды. Сонымен бірге, өткен екі жылда 8 елді мекен газдандырылды. Алдағы 2 жылда тағы 4 елді мекенге газ жеткізілетін болады», - деді облыс басшысы.
Оның айтуынша, Қостанай облысында тұрғын үй құрылысына ерекше назар аударылып отыр. Жыл басынан бері облыста 17 пайыздық өсіммен 227,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.
«7-20-25» бағдарламасының шеңберінде бізге 58 өтінім қарауға келіп түсті. Олардың ішінде 45 өтінім мақұлданды. Елбасының тікелей тапсырмасы негізінде бастапқы жарналарды жеңілдетілуді субсидиялау үшін «Тобыл» ӘКК тиісті қаражаттың бәрін бөлді. Яғни, жергілікті бюджеттен 83,7 млн теңге бөлінді. Жалпы алғанда, жыл қорытындысы бойынша 352 несие беру жоспарлануда», - деді Архимед Мұхамбетов.
Сонымен бірге, облыс басшысы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы аз 57200 адамның салық жүктемесі төмендетілген, ол бағытта 1 млрд 600 млн теңге бөлініп отырғанын айтты.
Еске сала кетсек, аталмыш брифингте Архимед Мұхамбетов Қостанай облысында жыл басынан бері автокөлік құрастыру 15,7 пайызға артқанын айтқан болатын. Оның сөзіне құлақ ассақ, осындай өсіммен Қостанай облысы 2023 жылға қарай жылына 60 мың автокөлік шығаруды көздеп отыр.
Сондай-ақ, аймақ басшысы өңірдегі агроөнеркәсіптік кешен саласына цифрлық технологиялар қалай енгізіп жатқанын айтып берген еді.