«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша қарыз алуға 147,5 млрд теңге сомасына 13 003 өтініш қабылданды. Оның ішінде 89,7 млрд теңге сомасына қарыз беруге 7 737 өтініш мақұлданды», делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарға «Баспана» ипотекалық ұйымы 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша жауап береді. Байланыс нөмірлері тәулік бойы жұмыс істейді. Сонымен қатар ипотекалық ұйымның интернет-ресурсында қосымша мағлұматтар алуға болады.