«2021 жылғы 29 шілдедегі жағдай бойынша , «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 804,4 млрд теңгеге несие алуға 65 913 өтініш қабылданды. Оның ішінде 470,7 млрд теңгеге 38 461 несие мақұлданды», - делінген ҰБ хабарламасында.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ 7 (727) 227-20-25 нөміріне тәулік бойы хабарласуға болады. Сонымен қатар қосымша ақпарат ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында қолжетімді.