«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 30 мамырдағы жағдай бойынша қарыз алуға 151,1 млрд теңге сомасына 13 319 өтініш қабылданды. Оның ішінде 91,4 млрд теңге сомасына қарыз беруге 7 894 өтініш мақұлданды», - деді банктің баспасөз қызметінен.
Еске салайық, аталмыш бағдарлама бойынша ипотеканы тұрақты табысы бар және баспанасы жоқ Қазақстан азаматтары ала алады. Алғашқы жарна - 20%, жылдық сыйақы көлемі - 7%, займды беру мерзімі 25 жылға дейін.