Жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде ұсталған 1969 және 1970 жылы туған тұрғындардан 7,5 келі героин табылған. Сот-медициналық сараптама қортындысы да бұл заттың есірткі екенін растады.
Айта кетейік, өткен жылы өңірдің полицейлері есірткіге қатысты 346 қылмысты ашып, 194 күдіктіні қолға түсірді. 200 есірткі ошағы анықталып, 89 есірткі алқабы жойылды. Заңсыз айналымнан 5 тонна есірткі заты алынса, оның 7,5 келісі героин болып табылады. Облыстағы соттарға 200-ден аса қылмыстық іс түсіп, қаралды.