7-9 ақпан аралығындағы ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 7-9 ақпан аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктер мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігіне Жерорта теңізінен келетін циклон әсер етеді, онымен жаяу бұрқасын, қар күтіледі.

9 ақпанда шығыста қатты қар жауады, оңтүстікте және оңтүстік-батыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Елдің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде – тұман, оңтүстігі мен оңтүстік-батысында көктайғақ болжанады.

Еуропа аудандарынан келетін антициклоны әсерінен ауа температурасының түнде батыста және шығыста 13-21 градусқа дейін, солтүстікте 20-28-ге дейін, орталықта 15-26 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. Күндіз батыста температура 7-12-ге дейін, солтүстікте 15-20-ға дейін, шығыста және орталықта 10-18 аязға дейін төмендеуі ықтимал.