«5 қыркүйекте ел солтүстігінің шеткі аудандарында күн салқын болады, ал қалған территорияда ауа температурасы 30...38 градусқа дейін жетеді. Жақын күндері циклонның әсерінен республика аумағында жер-жерде жауын-шашын, найзағай, желдің күшеюі және күннің суытуы күтіледі», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, елдің солтүстігінде, орталығында, ал 8 қыркүйекте батыс облыстарында күндізгі температура 13...23 градустан жоғары болады. Найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады және ыстықтың әлсіреуі республиканың оңтүстік-батыс және батысында күтіледі. Тек Қазақстанның оңтүстігінде күн ыстық болады. Күндіз термометрдің бағанасы 30...39 градусты көрсетеді, алайда 9 қыркүйекте мұнда жаңбыр жаууы мүмкін.