«Жолдағы трактор» жедел-алдын алу шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Ақмола облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Хабарланғанындай, облыс аумағында жедел-алдын алу шарасы 24-26 шілде аралығында өткізілмек.
«Осыған орай жол полициясының қосындары мен жасақтары күшейтілген жұмыс режіміне ауыстырылды. Полицейлердің назары көлік жүргізушілеріне ғана емес, сонымен қатар жаяу жүргіншілерге, әсіресе ауыл шаруашылығы техникалары жүргізушілерімен жасалатын жол-көлік ережелерін бұзу фактілерін анықтау және алдын алуға ерекше бөлінетін болады», - делінген хабарламада.