НҰР-СҰЛТАН
9.30-да «Hilton Garden Inn» қонақүйінде қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың «QazForum-2020» IV форумы өтеді.
10:00-де «Park Inn by Radisson Astana»-да Орталық Азиядағы Соғыс және бейбітшілік туралы ақпарат тарату институтының (IWPR CA) өкілдігі «Ашық диалог арқылы Орталық Азиядағы тұрақтылық» жобасы аясында Қазақстандағы діни мәселелерді жариялау жөніндегі нұсқаулықтың тұсаукесерін өткізеді.
10.00-де елордалық кәсіпкерлер палатасы Нұр-Сұлтан әкімдігінің Қоғамдық тамақтану және сервис колледжінде «Welcome» Ашық есік күнін ұйымдастырады.
11.00-де Назарбаев Университеті аумағындағы пирамидада «TOM: NUR-SULTAN» Мейкатон халықаралық әлеуметтік жобасының соңғы кезеңі өтеді.
11.00-де «Зүбәржат орамы» Бизнес орталығында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы салалық сарапшылармен бірлесіп, мектептерді салу үлгісінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) «Үлгілік жобалық шешімдері» жобасын таныстырады. Сонымен қатар Ұлттық палата жанындағы МЖӘ жобаларына мониторинг жүргізу жөніндегі кеңес шеңберінде саланы цифрландыру қажеттілігі қаралады.
11.00-де «Samruk-Aqparat» баспасөз орталығында «Жас Өркен» бағдарламасы арқылы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобына жұмысқа орналасу үшін үміткерлерді алдын ала іріктеу тақырыбында брифинг өтеді.
15.00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК-ның бірлескен отырысы басталады.
16.00-де ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтеді.