7 ақпанда елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 7 ақпан күні өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады. 

Фото: Kazinform

АСТАНА

09:00-де «Инвесторлардың құқықтарын қорғау: әкімшілік және сот тәжірибесі» инвестициялық форумы өтеді. 

10:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде ұйымға мүше елдер делегациялары басшыларының қатысуымен Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының Қазақстандағы «Дивани лұғат ат-Түрк» халықаралық көрмесінің ашылуы болады. 

10:30-да ұйымға мүше елдердің мәдениет министрлерінің қатысуымен Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры кеңесінің екінші отырысы басталады. 

15:00-де Мәжілісте Қоғамдық палата мүшелері Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінің жобасын талқылайды.