7 ақпанда республика бойынша қай жолдар жабық

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

Ұлттық компанияның мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты төмендегі республикалық автожол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді:

Абай облысы

• «Өскемен – Семей» автожолы, 103-198-шақырым (ШҚО шекарасы – Семей қаласы);
• «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолы, 778-1013-шақырым (Аягөз қаласы – ШҚО шекарасы).

Шығыс Қазақстан облысы

• «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолы, 1013-1062-шақырым (Абай облысының шекарасы – Рубеж бекеті);
• «Өскемен — Риддер — РФ шекарасы» автожолы, 15-105-шақырым (Белоусовка елді мекені – Риддер қаласы);
• «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолы, 1104-1191-шақырым (Глубокое ауылы — Шемонаиха қаласы);
• «Өскемен – Семей» автожолы, 10-103-шақырым (Герасимовка ауылы – Абай облысының шекарасы).

Жамбыл облысы

• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының «Қордай асуының жаңа айналма жолы» учаскесі, 159-238-шақырым (Кенен ауылы – Қайнар ауылы).

Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.

Қарағанды облысы

• KAZ15 «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз» автожолы, 17-60-шақырым (Қарағанды қаласы — Ботақара ауылы);
• KAZ01 «Астана – Қарағанды (айналма жолмен) – Алматы» автожолы, 248-592-шақырым (Атамекен кенті – Балқаш қаласы).

Сондай-ақ «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы көпір өткелінің шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жол айрығы учаскесі – Қалқаман ауылына кіреберіс және Астана бағытына шығатын жол жабылды.

Ал Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Еске салайық, Қазгидромет 7 ақпанда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.