7 айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім өсімі 7,9 пайызды құрады - Статистика агенттігі
Оның атап өтуінше, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының оң өрлеу қарқыны күшейгені байқалып отыр. Оған жалпы ішкі өнімнің тұрақты өсу қарқынының сақталуы, инфилияцияның төмендігі, халықтың нақты ақшалай табыстарың өсуі, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі себеп болуда.
Баспасөз мәслихаты барысында нақты көрсеткіштерге тоқталған Ә.Смайыловтың айтуына қарағанда, республиканың қысқа мерзімді экономикалық индикаторы ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында 109 пайызды құраған. Бұл орайда ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 108 пайызды құрағандығын еске салған ол «ал 7 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің өсімі 7,9 пайызды құрады және осы 8 айдың қорытындысын алатын болсақ, қысқа мерзімді экономикалық индикатордың 109 пайызға өскенін байқауға болады. Демек ЖІӨ-нің жоғары өсу қарқыны сақталды», деді