Жетісай шекара отрядына қарасты «Орынбай» заставасының наряды 50 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Ол 7 центнер спирт өнімдерін (барлығы 540 шөлмек, әр шөлмек 1,5 литрден), 27 қапқа салынған түсті металдарды шекарадан заңсыз алып өтуге тырысқан.
«УАЗ» көлігіне тиеліп, Өзбекстанға өткізілмек болған жүк шекарашылардың қырағылығының арқасында әшкереленді.
Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.