Росси төртінші айналымда үшінші орынға таласқан Дани Педросамен соқтықпас үшін амалсыздан шұғыл тежегішті басқан. Салдарынан итальяндық апатқа ұшырап, асфальттің бойымен сырғыған күйі қауіпсіздік үшін қойылған резина дөңгелектерге соғылған. Росси дереу ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, оның миы шайқалған, деп хабарлайды vesti.kz.
Росси чемпионатта үшінші орында келеді, оның испандық Марк Маркестен 78 ұпайы кем. Еске сала кетсек, «Ямаха» командасының мүшесі испандық Хорхе Лоренсо 14-кезеңнің жеңімпазы атанды.