7 қаңтар. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 7 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
61 жыл бұрын (1965) «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ вице-президенті Серік Салауатұлы ҚОЖАНИЯЗОВ дүниеге келді.
Қызылорда облысында туған. Кузбасс политехникалық институтын, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қызылорда филиалын бітірген.
1989-1992 жылдары Қызылорда жөндеу-мехникалық зауытының инженер-технологы, шебері. 1992-1994 жылдары «Серік» ШК директоры. 1994-1999 жылдары «Арко-Инвест» ИЗҚ басқарушысы. 1999 жылы Қызылорда бизнес-орталығының директоры. 1999-2000 жылдары Қызылорда облысының әкімі жанындағы инвестициялар тарту және қор нарығын дамыту орталығының директоры. 2000-2001 жылдары «Сенім» ЖАҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық менеджері. 2001-2004 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының индустриялық даму бөлімінің меңгерушісі. 2005-2007 жылдары Қызылорда облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры. 2007-2008 жылдары Қызылорда қаласының әкімі. 2008-2009 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің ұйымдастыру жұмыстары және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы. 2009-2012 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің ұйымдастыру жұмыстары және аумақтық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2012-2014 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі. 2014-2019 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, «Байқоңыр» кешеніндегі ҚР Президентінің арнайы өкілі. 2019-2021 жылдары ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2021-2022 жылдары ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі, 2022-2024 жылдары Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары, 2024 жылы Қызылорда қаласының әкімі болып қызмет атқарған.
2024 жылдың қазанынан бері қазіргі қызметінде.
61 жыл бұрын (1965) Ұлытау облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Советбек Тұрсынұлы МЕДЕБАЕВ дүниеге келді.
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Қарсақбай кентінде туған. Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, Орталық — Азия университетін тамамдады.
Еңбек жолы: 1986 жылы «Облбытуправление» жөндеу құрылыс басқармасының Жезқазған учаскесінің шебері, 1987 жылы «Облбытуправление» жөндеу — құрылыс басқармасының Жезқазған учаскесінің прорабы, 1988 жылы Жезқазған геологиялық барлау экспедициясының құрылыс цехының жұмыс өндірушісі, 1989 жылы Жезқазған геологиялық барлау экспедициясының аға шебері, 1990 жылы Жезқазған геологиялық барлау экспедициясының прорабы, 1992 жылы Жезқазған облыстық тұтынушылар одағының аға маманы, 1992 жылы Жезқазған облыстық тұтынушылар одағының күрделі құрылыс, көлігі және материалдық техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, 1995 жылы Жезқазған қаласы әкімшілігі басшылығының аппарат басшысының міндетін атқарушы, 1995 жылы Жезқазған қаласының әкімшілігі басшылығының аппарат басшысы, 1995 жылы Жезқазған қаласы әкімінің аппарат басшысы, 2003 жылы Жезқазған қалалық маслихатының хатшысы, 2008 жылы Сәтбаев қаласының әкімі, 2011 жылы «Қазақмыс „Корпорациясы“ ЖШС аймақтық кәсіподақ ұйымының төрағасының орынбасары, 2012 жылы Жезқазған қалалық маслихатының хатшысы, 2016 жылы Жезқазған қалалық маслихатының хатшысы болып қызмет атқарған. 2021-2022 жылдары Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі болды.
Қазіргі қызметін 2022 жылдың тамызынан бері атқарып келеді, 2023 жылы қайта сайланды.
61 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Талғат Амангелдіұлы ЖАҚАН дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген (1987), экономист.
Еңбек жолы: 1988-1992 жылдары Қазтұткеңес Республикалық есептеу орталығының есептеуіш техникасын еңгізу Бөлімінің экономист-инженері (Алматы қаласы). 1992-1996 жылдары ҚР қаржы Министрлігі жанындағы қаржы-валюталық бақылау Комитетінің басқарма бас бақылаушы-ревизоры (Алматы қ.), 1996-2007 жылдары ҚР СІМ Валюта-қаржылық департаменті бас маманы, валюталық операциялар бөлімінің бастығы, директор орынбасары., 2007 жылы ҚР сыртқы істер министрінің кеңесшісі, 2007-2010 жылдары ҚР Парламент Сенатының Аппараты жетекшісінің орынбасары, 2010-2012 жылдары ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің макроэкономикалық талдау және бағдарламалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі, 2012 жылы ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі, 2012-2014 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2014-2016 жылдары ТМД Атқарушы комитеті қаржы департаментінің директоры, 2016-2021 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі, 2021-2022 жылдары ҚР Президенті Іс басқармасының материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы, 2022 жылы ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып қызмет атқарды.
2022 жылдың қазан айынан бері қазіргі қызметінде.
46 жыл бұрын (1980) Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Абзал Қуандықұлы ЕГЕМБЕРДИЕВ дүниеге келді.
Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2000), Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ экономика және қаржы институтын (2006), Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын бітірген (2014), экономика ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын 2001-2003 жылдары Атырау облысының прокуратура органдарында прокурор болып бастаған. 2003-2004 жылдары Астана қаласы әкімі аппаратының бас маманы, 2004-2005 жылдары Степногорск қаласы әкімі аппаратының басшысы, 2005-2008 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің бөлім басшысы, аппарат басшысы, Медеу ауданы әкімінің орынбасары, 2008-2012 жылдары Астана қаласы Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы, әкімнің орынбасары, 2012-2013 жылдары Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары, 2013-2015 жылдары Астана қаласы әкімдігінің «Тұрмыс» ЖШС кәсіпорнының директоры, 2015 жылы «Бірлік АСТ» ЖШС Бас директоры, 2015-2017 жылдары Астана қаласы бойынша экология департаментінің басшысы болды. 2017-2022 жылдары жеке құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды. 2022-2023 жылдары Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы лауазымын атқарған.
2023 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.
40 жыл бұрын (1986) VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Олжас Хайроллаұлы КҮСПЕКОВ дүниеге келді.
Қарағанды облысында туған. Оңтүстік Кореяның Сеул технологиялар және білім институтын бітірген, автомобиль электроникасы қызметінің маманы (2006); Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль және жол университетін (2007); Сеул технологиялар және білім институтын, Оңтүстік Корея, автомобиль механикасы (2012); Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірген.
Еңбек жолы: 2008-2009 жылдары «Политехникалық колледж» МКҚК «Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы, Астана қаласы, 2009-2012 жылдары «№ 6 кәсіптік лицей» ММ директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары, Астана қаласы, 2012-2013 жылдары «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ әдістеме бөлімінің бас менеджері, 2013-2014 жылдары «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры, 2014-2016 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ бас директоры, директорлар кеңесінің мүшесі, 2016-2017 жылдары «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Адам ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Президентінің кеңесшісі, 2017-2018 жылдары «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» мемлекеттік унитарлық кәсіпорнының үйлестіруші менеджері, Дүниежүзілік банк несиесі, 2018-2022 жылдары «U-FUTURE» ЖШС директоры, 2022-2023 жылдары «U-FUTURE» ЖШС, «QazTetsing» ЖШС, «U-Kemel» ЖШС, «FlexQazMedia» ЖШС, «Techus» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарды.
2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
121 жыл бұрын (1905-1973) қазақтың атақты әншісі, Қазақстанның халық әртісі, режиссер, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Құрманбек ЖАНДАРБЕКОВ дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында туған. Ташкент педагогикалық училищесін, Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематография институтының актерлік бөлімін және Мемлекеттік театр өнері институтын бітірген.
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бас режиссері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы қызметтерін атқарған. Бекежан (Е.Брусиловский «Қыз Жібек»), Тарғын («Ер Тарғын»), Жалбыр («Жалбыр») партияларын орындап, әншілік шеберлігін танытты. Режиссер ретінде Е.Брусиловскийдің «Ер Тарғын», «Жалбыр», «Гвардия, алға», А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай», М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операларын қойды. Киноға түсіп, Жақас («Амангелді»), Қадырбай («Жамбыл»), Садық («Біз Жетісуданбыз») бейнелерін сомдады. Жиырмасыншы жылдарда Ташкент қаласында өткен бір концертте қазақтың жетпістен астам әнін шырқаған. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. Алматы қаласында бір көшеге аты беріліп, өмірінің соңғы жылдарында тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылған.
Қ.Жандарбеков қазақтың ұлттық кәсіби театрының негізін қалаушылардың бірі. Сондай-ақ тұңғыш ұлттық музыка театрының қалыптасуына ықпал етіп, бірнеше ұлттық балеттердің консультанты және қоюшы-режиссері болды.
87 жыл бұрын (1939-2000) химия ғылымының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының корреспондент мүшесі, Халықаралық шығармашылық академиясының академигі Шайсұлтан ШАЯХМЕТОВ дүниеге келген.
Қостанай облысында туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, КСРО Ғылым академиясы элементтік-органикалық қосылыстар институтының аспирантурасын бітірген. 1987-1993 жылдары — Қазақ КСР Жоғары және орта арнайы білім министрі, Қазақстан Республикасы Халыққа білім беру министрі. 1997-1998 жылдары — Қостанай облысы әкімінің орынбасары, Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің профессоры, мемлекеттік және басқа да тілдерді оқыту орталығының директоры. 1998-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі жанындағы республикалық орталықтың директоры, «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қорының президенті қызметтерін атқарған.
Ш. Шаяхметовтың есімі республикалық «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығына берілді.
77 жыл бұрын (1949-2014) ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ибрагим ИСАЕВ дүниеге келген.
Қызылорда облысының Сырдария ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Сырдария аудандық «Сырдария» газетінде әдеби қызметкер, Қызылорда облыстық халық шығармашылық үйінде нұсқаушы, Қазақстан Жазушылар одағында көркем әдебиетті насихаттау бөлімінде тілші-әдіскер, «Ара — Шмель», «Жалын» журналдарында редактор қызметтерін атқарған.
Ақын өлеңдері мажар, болгар тілдерімен қоса, туысқан біраз тілдерге де тәржімаланған. Жас жазушылардың Бүкілодақтық VI кеңесіне қатысқан. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.
«Алтын сырға» (1974), Таң алдындағы әні» (1976), «Тербеледі қайыңдар» (1978) атты жинақтар шығарған. Көптеген ән мәтінінің авторы. Өлеңдері бірқатар шетел тілдеріне аударылған.
75 жыл бұрын (1951-2025) ғарышкер, Халық Қаһарманы Талғат Амангелдіұлы МҰСАБАЕВ дүниеге келді.
Алматы облысы Жамбыл ауданында туған. Рига азаматтық авиация инженерлері институтын және Ақтөбе жоғары ұшқыштар училищесін бітірген. 1987 жылдан АН-2 ұшағының 2-ші ұшқышы, командирі, 1989 жылы Ульяновск қаласындағы ұшқыштар, диспетчерлер және инженер-техник кадрлар дайындау орталығын бітіріп, Алматы біріккен авиаотрядының 1-ші ұшу отрядында ТУ-134 ұшағының 2-ші ұшқышы болды. 1990 жылы Ю. А. Гагарин атындағы ғарышкерлер дайындау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кіріскен. 1991 жылы оған «Ғарышкер-сынақшы» санаты берілген.
1994 жылғы маусымның 1-інен қарашаның 4-іне дейін «Союз-ТМ» ғарыш кемесінің борт-инженері ретінде ғарышта болып, 2 рет ашық ғарыш кеңістігіне шықты. Ұшу кезінде қазақстандық ғылыми-зерттеулердің 2-ші бағдарламасын орындады. 25-ші негізгі экспедиция бағдарламасы бойынша 1998 жылы қаңтардың 29-ы мен тамыздың 25-і аралығында «Союз-ТМ-27» және «Мир» ғарыш кемелерінің командирі ретінде ғарышта болды. Ұшу кезінде 5 рет ашық ғарыш кеңістігіне шықты. Бұл сапар барысында ғылыми-зерттеулер мен эксперименттердің 3-ші бағдарламасы орындалды. 2001 жылғы сәуірдің 28-і мен маусымның 6-ы аралығында «Союз-ТМ-32» ғарыш кемесімен Халықаралық ғарыштық стансасына барған бірінші экспедицияның экипаж командирі міндетін атқарды. Бұл ұшу кезінде ғылыми-зерттеулер мен эксперименттердің 4-ші бағдарламасы орындалды. 2003-2005 жылдары Ю. А. Гагарин атындағы Ғарышкерлер дайындау орталығының топ командирі, 2005-2007 жылдары «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» АҚ бас директоры, 2007 жылдың 11 ақпаннан 11 сәуірге дейін Қазақстанның әуе-ғарыш агенттігінің директоры қызметтерін атқарған. 2007-2014 жылдары ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы, 2016-2017 жылдары ҚР Президентінің кеңесшісі, 2017-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды.
1-ші дәрежелі Барыс, Отан, Халықтар достығы, Аустрияның «Күміс Қыран», Ресейдің «1 дәрежелі Ұлы Петр» ордендерімен, көптеген медальмен марапатталған.