7 қаңтарда республика аумағының басым бөлігінде ашық және аязды ауа райы сақталады

АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде ашық және аязды ауа райы сақталады.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлады.

Батыс және солтүстік-батыста кей жерлерде қар жауып, боран соғып, жел күшейеді деп күтілуде, бірқатар аймақтарда тұман түседі.

Қостанай облысында таңертең және күндіз кейбір аймақтарда 15-20 м/с-қа дейін жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсуі мүмкін, күндіз Шығыс Қазақстан облысында, түнде Жамбыл облысында жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде 15-20 м/с екпінмен жел соғады. Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі.