7 қараша күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 7 қараша күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

Фото: Kazinform

9.00-де Radisson Hotel Astana қонақ үйінде Израиль Сыртқы істер министрлігі Еуразия және Балқан бойынша бас директорының орынбасары Симона Гальперин Таяу Шығыстағы жағдай бойынша брифинг өткізеді.

10:00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде егін жинау

науқанының аяқталу барысы және Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2024 жылға арналған жоспарының жобасы қаралады.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандық қамту 2.0» бірінші халықаралық форумы өтеді. https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

14.00-де ҚР Президенттік орталығында Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ «Орталық Азия 28 тараптар конференциясы жолында: 5 ел – 1 аймақ – 1 дауыс» аймақтық форумын өткізеді.

14:30-де Журналистер үйінде «Menmedia.kz» кросс-медиа платформасында «Эдельвейс» қарғысы:

Храпуновтардың дүниесі Букаевтар отбасы үшін қандай қайғы әкелді» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

15:00-де Қазмедиа орталығында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «NEXT TIME» қоғамдық қорымен бірлесіп «Жастарды әлеуметтендіру тәуекелдері» зерттеу нәтижелерінің тұсаукесерін өткізеді.

15:00-де ҚР Ұлттық Музейі Мәдени мұраны ғылыми-зерттеу институтының «Рухани-мәдени мұраны насихаттау» циклді бағдарламасы негізінде «Сыбызғының сырлы үні» атты арнайы шеберлік сабағы өтеді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қарасора-2023» Республикалық жедел-алдын алу шарасының қорытындылары туралы баспасөз мәслихаты өтеді. https://www.youtube.com/user/ortcomkz

https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz