7 қараша. Туған күн иелері

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 7 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.



ЕСІМДЕР

142 жыл бұрын (1876-1934) қазақ зиялыларының бірі, Алашорда үкіметінің мүшесі, қазақтың тұңғыш заң магистрі Жақып АҚБАЕВ дүниеге келген.

Семей облысы, Қарқаралы уезі, Берікқара болысы, №3 ауылының Төңіректас деген жерінде дәулетті отбасында туған. 1886 жылы Қарқаралы қаласындағы қазақ интернатында оқып, 1889 жылы Омбы гимназиясына түсіп, онда 7 жыл, онан кейін Томск гимназиясына ауысып, онда бір жыл оқып, 1898 жылы бітіріп шығады да, Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне түседі. 1903 жылы І дәрежелі дипломмен бітіріп шығады. ЖОО-да оқып жүргенде ілім-білімнің әр саласын меңгеруге талаптанады. Адамның есте ұстау қабілеті мен фактілерді екшелеудің әдіс-тәсілдерін жете меңгеру үшін Одесса қаласындағы мнемоника профессоры С.Файнштейннен дәріс тыңдауға және Санкт-Петербургтегі Археология институтына оқуға түсуге университет басшыларына өтініш те жазады. Мемлекеттік сынақ комиссиясында «Қазақтардың некелік құқығы» атты тақырыпты қорғауға бекітіп алады. Кейін осы тақырыпты түрмеде отырғанда ары қарай жалғастырып, кеңейтіп, 1907 жылы Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің жазбаларында жариялайды. ЖОО бітірісімен Омбы сот палатасына қызметке тұрады. 1905 жылғы тамызда Омбы қаласындағы 2-учаскенің бітімші соты болады.

Кеңес өкіметі орнаған соң ол Семей губревкомының заң бөлімінде жұмыс істеп, оның «етене араласуымен губерния бойынша сот-тергеу учаскелері құрылады». Біраз уақыт Семей кеңестік халық сотының мүшесі болады, Қарқаралы уездік халыққа білім беру бөлімінде және Семейде әр түрлі қызметтер атқарады. Ақбаев басқа да Алаш қайраткерлері сияқты сталиндік зобалаңға түсіп, Воронежге жер аударылып, ол жақтан ауруына байланысты елге қайтарылып, 1934 жылы 4 шілдеде Алматыда қайтыс болады.

67 жыл бұрын (1951) Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек АБДРАХМАНОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында туған. 1975 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітірген. 1975-1987 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, редакциялық алқа мүшесі болды. 1987-1995 жылдары Қазақстан КП Орталық Комитетінде нұсқаушы, мәдениет секторының меңгерушісі, ҚР Президенті және Министрлер кабинеті аппараттарында Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 1995-1997 жылдары Мәдениет министрінің бірінші орынбасары, 1997-2000 жылдары «Қазақстан телевизиясы мен радиосы» республикалық корпорациясының бірінші вице-президенті, 2000-2003 жылдары «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ашық акционерлік қоғамының президенті, 2003-2004 жылдары ҚР Ақпарат министрі болып қызмет атқарған. 2004-2016 жылдары «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ашық акционерлік қоғамының президенті.

Қазіргі қызметінде 2016 жылдың наурызынан бері.

«Біздің Пушкин», «Тәуелсіздік шежіресі», «Адамзат күнтізбесі», «Елдік сыны», «Вер бана ат», «Коран и Пушкин», «Төлтума мен телтума», «Перевод поэзии и поэзия перевода» кітаптарының, «Париж. ЮНЕСКО. Әуезов», «Қажылық», «Ертегілер еліндегі екі күн», «Мадридтегі мереке», «Мәңгілік мұрат», «Армысың, Астана!», «Биіктік» фильмдерінің авторы. Қырыққа жуық көркем фильмді қазақшалап, В.Солоухиннің, Д.Кабалевскийдің шығармаларын, арабтың Бейбарыс сұлтан туралы романын, В.Гюгоның «Аласталғандарын» (ІІ кітап) аударған.

«Жиырмасыншы ғасыр жырлайды» атты қос томдық қазақ поэзиясы антологиясының құрастырушы авторы. ҚР еңбек сіңірген қызметкері, Журналистика саласындағы Президент сыйлығының лауреаты. Б.Бұлқышев атындағы Жастар сыйлығының (1981), Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының (1982) лауреаты, «Жыл журналисі» (2006) атағын алған. Филология ғылымының докторы. «Парасат» орденінің иегері, Ресей сөз өнері академиясының «Ревнителю просвещения» медалімен, Украинаның «За працю і звитягу» («Ерлігі мен еңбегі үшін») медальдарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің мүшесі. 

67 жыл бұрын (1951) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі  Жанат Абдоллаұлы ЖАРАСОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Ф.Э.Дзержинский атындағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жоғары мектебін бітірген. Генерал-майор. 1973-2000 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында бөлімше бастығы, бөлім бастығының орынбасары, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті бастығының орынбасары болып жұмыс істеген. 2000-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери қарсы барлау департаментінің бастығы. 2006-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастығы. 2009 - 2011 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары. 2012-2016 жылдары бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Қазіргі қызметінде - 2016 жылғы наурыздан бері.

«Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі. ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері. 

60  жыл бұрын (1958) ҚР Жоғарғы сотының судьясы Мейрам Кұрмашұлы ЖАНҒҰТТИНОВ дүниеге келді.

Новосібір облысында туған (РФ). Павлодар педагогикалық училищесі, бастауыш сынып мұғалімі (1978); Р.А. Руденко атындағы Свердловск заңгерлік институты, заңгер (1985). Еңбек өтілі: Павлодар облысы Қазақ КСР-іне 10 жыл совхозы орта мектебінің музыка оқытушысы (1978-1979); Павлодар облысы Лебяжі ауданы прокуратурасының тергеушісі (1985-1989); ШҚО Марқакөл прокуратурасының тергеушісі (1989-1990); ШҚО Марқакөл аудандық сотының судьясы, төрағасы (1990-1996); ШҚО облыстық сотының судьясы (1996-2002); ШҚО облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы (2002-2004); Ақмола облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы (2004-2009); Ақмола облыстың сотының судьясы (2009-2010); Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандыррылған ауданаралық сотының төрағасы (2010-2014).

Қазіргі қызметінде 2014 жылдың мамыр айынан.


59 жыл
 бұрын (1959) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттің мүшесі Құдайберген Төлепұлы ЕРЖАН дүниеге келген.

Жызақ облысында (Өзбек КСР) туған. Алматы Халық шаруашылығы институтын бітірген, экономист.

Еңбек жолы: облыстық нормативтік зерттеу станциясында агроном-экономист (1982); Кеңес әскері қатарында қызметте (1983-1984); Өзбекстан Республикасы Жызақ облысы Фариш ауданы Қызылқұм совхозында бас бухгалтердің орынбасары, Алматы қаласында Геодезиялық зерттеу кәсіпорнының топография-геодезиялық жұмыстары бойынша жұмысшысы, «Казбытрадиотехника» өндірістік бірлестігінің ревизоры, «Гарант» өндірістік бірлестігінің ревизоры, аға ревизоры, «Еңбек» кооперативінің бухгалтері,  Алматы қаласы «Ритм» жастар ғылыми-техникалық шығармашылығының Мәскеу аудандық орталығының бас бухгалтері, «Сабаз» КЖК директоры, Алматы қаласының «Центрбанк» банк филиалдарының директоры, «Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамының құрылымындағы директоры және төрағасы (1986-2012).

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының үшінші, төртінші және бесінші шақырылымдарының депутаты болып сайланған. 2012-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы болған.

Қазіргі қызметінде 2016 жылдың наурыз айынан бері.

«Құрмет» ордені мен «Шапағат» медалімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астана қаласына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медальдарымен наградталған.  


46 жыл
 бұрын (1972) «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Еркінқызы ИБРАГИМОВА дүниеге келді.

Ақмола облысында туған. Ақмола ауыл шаруашылығы институтын, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. 1995 жылы - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы. 1999-2004 жылдары - ІІ шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, «Ақиқат» депутаттық тобының жетекшісі. 2004-2009 жылдары - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің басшысы. 2009 жылғы қаңтар-тамыз айларында - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қаржы институттарын және нарық институттарын басқару жөніндегі дирекцияның бас менеджері. 2009 жылғы тамыздан - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2011-2016 жылдары - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы. 2016-2017 жылдары - «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі төрағасының орынбасары.

Қазіргі қызметінде - 2017 жылғы қаңтардан бері. 

40 жыл
 бұрын (1978) ҚР Энергетика министрінің орынбасары Мағзом Маратұлы МЫРЗАҒАЛИЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. «Тұран» университетін, Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын, Ш.Есенов атындағы Қазақ мемлекеттік технология және инжиниринг университетін бітірген. 2001-2004 жылдары - Теңіз және Батыс Сібір кеніштерінде «MIDrillingFluidsInternational» (Schlumberger) бұрғылау ерітінділері жөніндегі инженер. 2004-2007 жылдары - «MIDrillingFluidsInternational» Ақтау филиалында бизнесті дамыту менеджері, өндіріс жөніндегі менеджер, филиал басшысы. 2007-2010 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры. 2010-2012 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры. 2010-2013 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының инновациялық дамыту және сервистік жобалар жөніндегі орынбасары. 2013-2014 жылдары - ҚР мұнай газ вице-министрі. Қазіргі қызметінде - 2014 жылғы тамыздан бері.

151 жыл бұрын (1867-1934) атақты француз физигі және химигі, Нобель сыйлығының екі мәрте лауреаты Мария СКЛОДОВСКАЯ-КЮРИ дүниеге келді. 

104 жыл
 бұрын (1913-1960) француз жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты Альбер КАМЮ дүниеге келді.