ЕСІМДЕР
Семей облысы Қарқаралы уезі Берікқара болысы, №3 ауылының Төңіректас деген жерінде дәулетті отбасында туған. 1886 жылы Қарқаралы қаласындағы қазақ интернатында оқып, 1889 жылы Омбы гимназиясына түсіп, онда 7 жыл, онан кейін Томск гимназиясына ауысып, онда бір жыл оқып, 1898 жылы бітіріп шығады да, Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне түседі. 1903 жылы І дәрежелі дипломмен бітіріп шығады. ЖОО-да оқып жүргенде ілім-білімнің әр саласын меңгеруге талаптанады. Адамның есте ұстау қабілеті мен фактілерді екшелеудің әдіс-тәсілдерін жете меңгеру үшін Одесса қаласындағы мнемоника профессоры С.Файнштейннен дәріс тыңдауға және Санкт-Петербургтегі Археология институтына оқуға түсуге университет басшыларына өтініш те жазады. Мемлекеттік сынақ комиссиясында «Қазақтардың некелік құқығы» атты тақырыпты қорғауға бекітеді.
Кейін осы тақырыпты түрмеде отырғанда ары қарай жалғастырып, кеңейтіп, 1907 жылы Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің жазбаларында жариялайды. ЖОО бітірісімен Омбы сот палатасына қызметке тұрады. 1905 жылғы тамызда Омбы қаласындағы 2-учаскенің бітімші соты болады. Кеңес өкіметі орнаған соң ол Семей губревкомының заң бөлімінде жұмыс істеп, оның «етене араласуымен губерния бойынша сот-тергеу учаскелері құрылады». Біраз уақыт Семей кеңестік халық сотының мүшесі болады, Қарқаралы уездік халыққа білім беру бөлімінде және Семейде әр түрлі қызметтер атқарады. Ақбаев басқа да Алаш қайраткерлері сияқты сталиндік зобалаңға түсіп, Воронежге жер аударылып, ол жақтан ауруына байланысты елге қайтарылып, 1934 жылы 4 шілдеде Алматыда қайтыс болды.
Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында туған. 1975 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітірген.
1975-1987 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, редакциялық алқа мүшесі болды. 1987-1995 жылдары Қазақстан КП Орталық Комитетінде нұсқаушы, мәдениет секторының меңгерушісі, ҚР Президенті және Министрлер кабинеті аппараттарында Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 1995-1997 жылдары Мәдениет министрінің бірінші орынбасары, 1997-2000 жылдары «Қазақстан телевизиясы мен радиосы» республикалық корпорациясының бірінші вице-президенті, 2000-2003 жылдары «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ашық акционерлік қоғамының президенті, 2003-2004 жылдары ҚР Ақпарат министрі болып қызмет атқарған. 2004-2016 жылдары «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» ашық акционерлік қоғамының президенті. 2016-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің VI шақырылым депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.
Қазіргі қызметінде 2021 жылдың қаңтарынан бері.
«Біздің Пушкин», «Тәуелсіздік шежіресі», «Адамзат күнтізбесі», «Елдік сыны», «Вер бана ат», «Коран и Пушкин», «Төлтума мен телтума», «Перевод поэзии и поэзия перевода» кітаптарының, «Париж. ЮНЕСКО. Әуезов», «Қажылық», «Ертегілер еліндегі екі күн», «Мадридтегі мереке», «Мәңгілік мұрат», «Армысың, Астана!», «Биіктік» фильмдерінің авторы. Қырыққа жуық көркем фильмді қазақшалап, В.Солоухиннің, Д.Кабалевскийдің шығармаларын, арабтың Бейбарыс сұлтан туралы романын, В.Гюгоның «Аласталғандарын» (ІІ кітап) аударған. «Жиырмасыншы ғасыр жырлайды» атты қос томдық қазақ поэзиясы антологиясының құрастырушы авторы.
ҚР еңбек сіңірген қызметкері, Журналистика саласындағы Президент сыйлығының лауреаты. Б.Бұлқышев атындағы Жастар сыйлығының (1981), Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының (1982) лауреаты, «Жыл журналисі» (2006) атағын алған. Филология ғылымының докторы. «Парасат» орденінің иегері, Ресей сөз өнері академиясының «Ревнителю просвещения» медалімен, Украинаның «За працю і звитягу» («Ерлігі мен еңбегі үшін») медальдарымен марапатталған.
Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Ф.Э.Дзержинский атындағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жоғары мектебін бітірген. Генерал-майор.
1973-2000 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында бөлімше бастығы, бөлім бастығының орынбасары, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті бастығының орынбасары болып жұмыс істеген. 2000-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери қарсы барлау департаментінің бастығы. 2006-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастығы. 2009 - 2011 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары. 2012-2016 жылдары бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2016-2021 жылдары - алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.
«Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі. ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері.
Алматы облысында туған. 1975 жылы В. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Жылумен, газбен жабдықтау және желдету» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1975-1977 жылдары – Алматы қалалық жылу желілері кәсіпорнында режим бойынша шебер. 1977 жылдың қыркүйек-мамыр айларында – Алматы қалалық жылу желілері кәсіпорнында режим бойынша инженер. 1977-1980 жылдары – Алматы қалалық жылу желілері кәсіпорнының №10 учаскесінің слесары-шебері. 1980-1982 жылдары – Алматы қалалық жылу желілері кәсіпорнының диспетчерлікқызметінің аға диспетчері. 1982-1983 жылдары – Алматы қалалық жылу желілері кәсіпорнының учаске бастығы. 1983-1986 жылдары – Алматы қалалық жылу желілері кәсіпорнының кәсіподақ комитетінің төрағасы. 1986-1987 жылдары – Алматы облыстық «Облтеплокоммунэнерго» өндірістік бірлестігінің бас инженері. 1987-1988 жылдары – Қазақстан коммунистік партиясы Алматы қалалық комитетінің Құрылыс және қалалық шаруашылық бөлімінің нұсқаушысы. 1988-1999 жылдары – «Алматы облтеплокоммунэнерго» мекемесінің бас директоры. 1999-2007 годы Алматы облысы Ұйғыр ауданының әкімі. 2007-2014 жылдары – «Алматытеплокоммунэнерго» АҚ президенті, «Алматыгортранс» ЖШС директоры, «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС директоры. 2014-2021 жылдары – «Жетісу-Облгаз» ЖШС бас директоры.
Қазіргі қызметінде 2021 жылдың қаңтар айынан бастап.
Алматы облысында туған. Талдықорған заң техникумын (1983); әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін (1993) бітірген.
Еңбек жолы: Қастек асыл тұқымды мал зауытының жұмысшысы, слесарі, ҚКП ОК баспасы баспагерінің оқушысы (1977); Алматы облысы Қаскелең аудандық сотының сот орындаушысы, аға сот орындаушысы (1983-1992); Қазақ көлік прокуратурасының кеңсе бастығы - прокурордың көмекшісі (1992-1993); ҚР Бас прокуратурасының Жалпы қадағалау басқармасында көліктегі заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі бөлім прокуроры (1994); Алматы облысы Қаскелең аудандық прокурорының көмекшісі (1994-1995); прокурор, аға прокурор, ҚР Бас прокурорының көмекшісі (1995-1997); Алматы облысы Жамбыл аудандық сотының судьясы (1997-1999); Алматы облыстық сотының судьясы (1999-2000); Алматы облыстық Әділет басқармасының бастығы (2000-2001); ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің төрағасы (2001-2026); ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот әкімгерлігі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары (2006-2007); Алматы облыстық сотының төрағасы (2007-2012); Алматы қалалық сотының төрағасы (2012-2013); Алматы облыстық сотының төрағасы (2013-2019).
Қазіргі лауазымын атқаруға 2019 жылдың сәуірінде кірісті.
«Ерен еңбегі үшін» (2002), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.
Жызақ облысында (Өзбек КСР) туған. Алматы Халық шаруашылығы институтын бітірген, экономист.
Еңбек жолы: облыстық нормативтік зерттеу станциясында агроном-экономист (1982); Кеңес әскері қатарында қызметте (1983-1984); Өзбекстан Республикасы Жызақ облысы Фариш ауданы Қызылқұм совхозында бас бухгалтердің орынбасары, Алматы қаласында Геодезиялық зерттеу кәсіпорнының топография-геодезиялық жұмыстары бойынша жұмысшысы, «Казбытрадиотехника» өндірістік бірлестігінің ревизоры, «Гарант» өндірістік бірлестігінің ревизоры, аға ревизоры, «Еңбек» кооперативінің бухгалтері, Алматы қаласы «Ритм» жастар ғылыми-техникалық шығармашылығының Мәскеу аудандық орталығының бас бухгалтері, «Сабаз» КЖК директоры, Алматы қаласының «Центрбанк» банк филиалдарының директоры, «Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамының құрылымындағы директоры және төрағасы (1986-2012). Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының үшінші, төртінші және бесінші шақырылымдарының депутаты болып сайланған. 2012-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы болған. 2016-2021 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.
Қазіргі қызметінде 2021 жылдың қаңтар айынан бастап.
«Құрмет» ордені мен «Шапағат» медалімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астана қаласына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.
Жамбыл облысында туған. әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін (1993), Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының Заң институтын (2002) бітірген. Полиция полковнигі.
Еңбек жолы: Жамбыл, Алматы облыстарының ІІБ, Алматы қаласының ҚІІБ жедел құрам лауазымындарында қызмет атқарған (1993 – 2001); Алматы облысының жедел бөліністерінің басшылық лауазымдарында жұмыс істеген (2001-2010); Алматы облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы (2010-2012); Алматы қаласының және Ақмола облысының ІІМ қалалық органдарының бастығы (2012-2013); Көліктегі ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы (2013-2014); Қазақстан Республикасы ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті бастығының орынбасары (2014-2016); Ақтөбе облысының ІІД бастығының бірінші орынбасары (2016-2017); Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы (2018-2019); Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы (2019).
Қазіргі лауазымын атқаруға 2019 жылғы шілдеде кірісті.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрметті қызметкері. «Айбын» ІІ-дәрежелі орденімен мемлекеттік наградымен; «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен және ведомстволық медальдарымен марапатталған.
Ақмола облысында туған. Ақмола ауыл шаруашылығы институтын, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолы:1995 жылы - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы. 1999-2004 жылдары - ІІ шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, «Ақиқат» депутаттық тобының жетекшісі. 2004-2009 жылдары - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің басшысы. 2009 жылғы қаңтар-тамыз айларында - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қаржы институттарын және нарық институттарын басқару жөніндегі дирекцияның бас менеджері. 2009 жылғы тамыздан - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2011-2016 жылдары - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы. 2016-2017 жылдары - «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі төрағасының орынбасары. 2017-2020 жылдары – «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы. Қазіргі қызметінде - 2021 жылғы мамырдан бері.
Ақтөбе қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық экономикалық қатынастар бакалаврі (1993-1997); Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық экономикалық қатынастар магистрі (1997-1999) дәрежесімен бітірген.
Еңбек жолы: ҚР Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол басқармасында референт, атташе (1997-1998); ҚР Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты экономикалық ынтымақтастық департаментінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің үшінші хатшысы (1998-1999); ҚР Түркиядағы Консулдығында вице-консул (1999-2001); ҚР Түркиядағы Консулдығында Елшінің көмекшісі, баспасөз хатшысы (2001 – 2003); ҚР Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты экономикалық ынтымақтастық департаментінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің екінші хатшысы (2003); ҚР Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі Елшілігінің консулдық бөлімнің меңгерушісі (2003-2005); ҚР Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты экономикалық ынтымақтастық департаментінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің бірінші хатшысы (2005-2006); ҚР Сыртқы істер министрлігінің Азиялық ынтымақтастық басқармасынде кеңесші, бөлім басшысы (2006-2007); ҚР Сыртқы істер министрлігінің Жалпыазиялық ынтымақтастық департаментінің Азиядағы қауіпсіздік басқармасының басшысы (2007-2009); ҚР Сыртқы істер министрлігінің Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары (2009-2010); «Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі» халықаралық ұйымы Атқарушы директорының орынбасары (2010-2014); ҚР сыртқы істер министрінің кеңесшісі (2014-2015); ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілдігінде кеңесші-уәкіл (2015-2016); ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілінің орынбасары (2016-2019).
Қазіргі лауазымын атқаруға 2019 жылғы шілдеде кірісті.
Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен; ҚР және ҚХР-ның, сондай-ақ ИНТЕРПОЛ, ШЫҰ, АӨСШК, ТҮРКСОЙ халықаралық және өңірлік ұйымдарының медальдерімен марапатталған.
Алматы қаласында туған. «Тұран» университетін, Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын, Ш.Есенов атындағы Қазақ мемлекеттік технология және инжиниринг университетін бітірген.
Еңбек жолы: 2001-2004 жылдары - Теңіз және Батыс Сібір кеніштерінде «MIDrillingFluidsInternational» (Schlumberger) бұрғылау ерітінділері жөніндегі инженер. 2004-2007 жылдары - «MIDrillingFluidsInternational» Ақтау филиалында бизнесті дамыту менеджері, өндіріс жөніндегі менеджер, филиал басшысы. 2007-2010 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры. 2010-2012 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры. 2010-2013 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының инновациялық дамыту және сервистік жобалар жөніндегі орынбасары. 2013-2014 жылдары – ҚР мұнай газ вице-министрі. 2014-2019 жылдар – ҚР энергетика вице-министрі.2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі.
Қазіргі қызметінде 2021 жылдың қыркүйек айынан бері.