7 қазан. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 7 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Фото: Kazinform/ Midjourney

Досқан ЖОЛЖАҚСЫНОВ, актер, әнші, Қазақстаның халық әртісі, Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері

Фото: voxpopuli.kz

1951 жылы Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында туған. Алматы мемлекеттік өнер институтын бітірген.

1971 жылдан қазіргі Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының актері, 1995-2001 жылдары осы театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі болған.

Актер театр сахнасында және кинода 200-ден астам бейнені сомдаған. Сонымен қатар, халық әндері мен қазіргі қазақ композиторлары әндерін шебер орындаушы ретінде кеңінен танымал. Жолжақсынов ұлттық кино өнерінің дамуына өз үлесін қосып, «Гауһартас», «Даладағы қуғын», «Алтын күз», «Омпа», «Ақ барыстың ұрпақтары», «Көшпенділер», «Біржан сал» және т. б. фильмдерге түскен.

«Еуразия» XVII Халықаралық кинофестивалінде Досқан Жолжақсыновқа «Қазақстан кинематографына қосқан зор үлесі үшін» марапаты берілді (2024).

Рашит АХМЕТОВ, Қазақстанның мемлекет және саяси қайраткері

Фото: inbusiness.kz

1959 жылы Батыс Қазақстан облысында туған. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын бітірген, инженер-механик (1982), Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің менеджмент және құқық институтын, құқықтану (2002) бітірген.

Еңбек жолы: Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институтының коллекционері (1976-1977); Орал қаласындағы вагон депосының бригадирі, аға бригадирі, бас механик, бастығының орынбасары, өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы (1982-1990); Орал теміржол торабы партия комитеті хатшысының орынбасары (1989-1990); «Альфа» шағын кәсіпорнының директорының орынбасары, бас брокері (1990-1992); Орал механикалық зауытының директорының орынбасары (1992-1994); Батыс Қазақстан облысының Орал қаласындағы «Нұржанар» ашық акционерлік қоғамының президенті (1994-1999); Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (1999-2005); Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономика, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, Беларусь Республикасы Парламентімен, Канада Сенатымен, Француз Республикасы Сенатымен ынтымақтастық тобының мүшесі (2005 жылдан бастап); ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мүшесі (2017-2022); ҚР Жоғарғы Есеп палатасының мүшесі (2022-2024); ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі.

«Құрмет» (2006) және «Парасат» (2014) ордендерімен; алты мерейтойлық медальмен; ТМД ПАА Кеңесінің Құрмет грамотасымен (2010) марапатталған.

Константин АВЕРШИН, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты

Фото: Константин Авершиннің жеке мұрағатынан

1976 жылы Талдықорғанда туған. Брайтондағы (Ұлыбритания) «Bellerbys» колледжін бизнес және экономика мамандығы бойынша (1995); England polytechnic university (Кембридж) Еуропалық бизнес және экономика мамандығы бойынша (1998); Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясын (2018) бітірген.

Еңбек жолы: «KEGOC» ААҚ коммерциялық бөлімінің маманы (1998-1999); «Кедентранссервис» ЖАҚ коммерциялық бөлімінің бас менеджері (1999-2001); Europe Aviation аймақтық өкілі (2009-2011); «Red Dragon Almaty» ЖШС негізін қалаушы (2013 жылдан бастап); Алматы қалалық мәслихатының VI және VII шақырылым депутаты; Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партия фракциясының мүшесі (2022-2023); VIII шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партия фракциясының мүшесі (2023-2026).

Қазіргі қызметіне 2026 жылдың тамыз айында кіріскен.

«Экономика мақтанышы», «Құрмет» ордендерімен; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл», «Арнайы жасақтағы қызметі үшін» медальдарымен; III дәрежелі «ҰҚК — КНБ — Қазақстан» төсбелгісімен марапатталған.

Азамат ЕСҚАРАЕВ, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі

Фото: Әділет министрлігінің сайтынан

1979 жылы Алматыда туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген (2000).

Еңбек жолы: Алматы ғимараттарды күтіп ұстау дирекциясында жұмысшы (1996); Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің жетекші маманы, бас маманы және директоры (2000-2014); Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2014-2019); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің заң бөлімінің меңгерушісі (2019-2023); Қазақстан Республикасының Әділет министрі (2023-2025); Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2025-2026).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2026 жылдың қазан айында кірісті.