Қазгидрометтің хабарлауынша, Түркістан облысында жел 15-20, түнде және таңертең кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Алматы облысында кей жерлерде жел 17-22 м/с, күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдауы ықтимал.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Ақмола облысында, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ал Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде және таңертең найзағай күтіледі, жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау, түнде және таңертең Атырау облысының кей жерлерінде тұман болады.
Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.