«ЖРК құрылысы аумағын дайындау барысында Қалдаяқов көшесінің көлік жүретін бөлігін кеңейту және инженерлік желілерін қайта жайластыру жұмыстарына байланысты қазан айының 7-18 аралығында, Тәуелсіздік даңғылы мен Қалдаяқов көшесінің киылысында қозғалысқа толықтай, қазан айының 7-сінен айдың соңына дейін Қалдаяқов көшесінің Тауелсіздік даңғылы мен Нәжмеденов көшесіне, М-3 көпіріне дейінгі аралығындағы қозғалысқа ішінара шектеу енгізіледі», - делінген хабарламада.
00:15, 07 Қазан 2017
7 қазаннан бастап елорданың кейбір көшелеріндегі қозғалысқа шектеу қойылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көлік жүретін жол бөлігін кеңейту және қайта жайластыру жұмыстарына байланысты Астананың кейбір көшелерінде автокөлік қозғалысына толық және ішінара шектеу енгізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.