7 қыркүйек. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 7 қыркүйек күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Фото: Pixabay.com

ЕСІМДЕР

51 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ербол Жұмабайұлы ӨМІРӘЛИЕВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген (1996); Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы, мемлекеттік басқару (2002).

Еңбек жолы: 1996-2002 жылдары ҚР Конституциялық Кеңесі аппаратының актілер мен халықаралық шарттарға ғылыми сараптама бөлімінің консультанты, 2002-2005 жылдары Өндірістік емес сала және өңірлік даму мәселелері жөніндегі Үкімет актілерімен және Премьер-Министрдің актілерімен жұмыс секторының меңгерушісі, Премьер-Министр Кеңсесінің Үкімет актілерімен жұмыс секторының меңгерушісі, Кеңсенің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2005-2007 жылдары «Атамекен» ОСПРК» АҚ атқарушы директорының кеңесшісі, басқарма төрағасының орынбасары, 2007-2008 жылдары «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ басқарушы директоры, 2008-2010 жылдары «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарушы директоры, 2010-2011 жылдары «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, 2011-2015 жылдары «Транстелеком» АҚ корпоративтік басқару және құқықтық мәселелер жөніндегі вице-президентінің м.а., қаржы және әкімшілік мәселелер жөніндегі вице-президентінің м.а., 2015-2016 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Кадр саясаты секторы меңгерушісі м.а., 2016-2018 жылдары ҚР Бас прокуроры аппаратының басшысы, 2018-2021 жылдары ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары – ҚР Жоғарғы Соты аппаратының басшысы қызметін атқарған.

Қазіргі лауазымын 2021 жылдың маусым айынан бері атқарып келеді.

«Құрмет» орденімен (2020); «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 25 жыл», «Мінсіз қызметі үшін», «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» медальдарымен марапатталған.

49 жыл бұрын (1976)Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Кеңесбекұлы МОЛДАХМЕТОВ дүниеге келді.

Фото: Gov.kz

Алматы облысы Жамбыл ауданы Ақтерек ауылында туған. Д.А. Қонаев атындағы гуманитарлық университетін б«Заңгер» мамандығы бойынша, Жолдасбеков атындағы Механика және машина жасау институтын, Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын бітірген.

Еңбек жолы: 2004-2020 жылдары Алматы қаласы және Алматы облысы прокуратурасының әр түрлі лауазымдарында жұмыс істеген. Алматы облысы Жамбыл ауданы прокурорының орынбасары, Алматы қаласы Алатау ауданы прокурорының орынбасары, Алматы қаласы Медеу ауданы прокурорының орынбасары, Алматы облысы Іле ауданының прокуроры лауазымдарын атқарған. 2020-2025 жылдары Алматы қаласының Арнайы табиғат қорғау прокуроры болды.

Қазіргі қызметін 2025 жылдың тамыз айынан бері атқарып келеді.

47 жыл бұрын (1978) «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Сұлтанбек Жаңабекұлы АЙМАҚОВ дүниеге келді.

Фото: science-fund.kz

Қарағанды ​​облысында туған. Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (Нархоз), академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы «экономист».

Еңбек жолы: 1999-2009 жылдары мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарда жұмыс атқарды. 2009-2011 жылдары «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ экономика және қаржы департаментінің аға, жетекші, бас менеджері, 2011-2015 жылдары «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ Экономика және қаржы департаментінің директоры, 2015-2016 жылдары «Парасат» Ұлттық ғылыми-техникалық орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, 2016-2017 жылдары «Ғылым қоры» АҚ Жобалар дирекциясының директоры, 2017-2019 жылдары «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, 2020-2021 жылдары «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ вице-президенті, 2021-2024 жылдары «QazInnovations» Инновациялық даму ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

43 жыл бұрын (1982) Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Дәулетханұлы ЖАНАЕВ дүниеге келді.

Фото: Gov.kz

Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.

Еңбек жолы: 2004 жылы Шымкент қаласында тергеуші, 2007-2011 жылдары облыстық ішкі істер департаментінде жұмыс істеген. 2012-2014 жылдары Мақтаарал аудандық ішкі істер бөлімінің криминалдық полиция бөлімінің бастығы, Мақтаарал аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, 2019-2022 жылдары құқық қорғау органдарында жауапты қызметтерді атқарған, Түркістан облысы Төлеби аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы болды. 2022-2024 жылдары Түркістан қалалық ішкі істер басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.

Қазіргі қызметінде – 2024 жылдың қыркүйегінен бастап.

183 жыл бұрын (1841-1918) халық композиторы, әнші-ақын, күйші-домбырашы Мұхит (Мұхамбеткерей) МЕРАЛЫҰЛЫ дүниеге келген.

Фото: Wikipedia

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында туған. Әбілқайыр әулетінен шыққан, Қаратай сұлтанның немересі. Оның туған ағалары Паңгерей, Шәңгерей, Сақыпкерей, Жанша, Жүсіп өнерпаз адамдар болған.

Мұхит Орынбор, Қостанай, Жаманқала (Орск), Қазалы, Троицк, Ақтөбе, Арал, Атырау өңірлерін аралап, «Әнші Мұхит», «Сал Мұхит» атанды. Оның «Дүние-ай», «Зәуреш», «Паң көйлек», «Қыпшақ», «Дөң асқан», «Кербез» әндері әншілік өнерінің сан қырлы табиғатын ашады.

Ойлы да қуатты, нәзік те сырлы, мөлдір лиризмге тұнған әндерін асқан шеберлікпен орындай жүріп, өзінің әншілік дәстүрін қалыптастырды.

Александр Затаевич «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500 ән мен күйі» кітабында Мұхитты «қазақтың Баяны» атап, Қазақстанның батысында Мұхиттың шығармашылығын белгілі ән мектебі деп қарау керек» деп жазды. Ол тек әнші, ақын ғана емес, күйшілік өнерімен де танылды. Боғда, Есбай, Тазбала, Сәулебай, Абыл күйлерін өте әсерлі орындап, өзі де күй шығарды.

Мұхиттың әншілік, ақындық, күйшілік мұрасын біздің заманға балалары – Шоң мен Нәу, немерелері – Шайхы, Лұқпан, Ғұбайдолла жеткізді.

Қазақстан композиторлары Мұхиттың туындыларын өздерінің шығармаларында кеңінен пайдаланды. Евгений Брусиловский Мұхиттың «Алуаш» әнін «Жалбыр», «Үлкен Оразын», «Қыз Жібек», «Дүние-ай» әнін «Ер Тарғын» операларына пайдаланды.