НҰР-СҰЛТАН
9.00-де «Хан-Шатыр» сауда орталығы алаңындағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Алматы және Қостанай облыстарының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады.11.00-де Паралимпиадалық дайындық орталығында Паралимипиада ойындарына қатысатын спортшыларды шығарып салу жөнінде брифинг өтеді.
11.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының Гала-концерті мен марапттау рәсімі өтеді.
12.00-де «Денсаулық фестивалі» науқаны басталады, онда қала тұрғындары қызықты спорттық шараларға қатыса алады.
АЛМАТЫ
11.00-23.00 аралығында ҚБТУ жанындағы саябақта «Дәмді Алматы» тағам фестивалі өтеді.16.00-де «GRAND PARK» сауда орталығында цирк әртісі Мұрат Мұтырғановтың кеші өтеді.