Бұл туралы ойындардың ресми әуе тасымалдаушысы - «Эйр Астана» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, әуе компаниясы «Азиада» қонақтары мен қатысушыларын күтіп алуға дайын. Қазіргі кезде 13 халықаралық әуежайдан тасымал жасайтын ұшақтар "Азиада-2011" белгісі мен ойындардың ресми таңбасы қар барысының суреттерімен безендірілген. Ойындар кезінде «Эйр Астана» ұйымдастыру комитетінің мүшелері мен шетелдік делегацияларды, сондай-ақ пошта тасымалын жүзеге асырады.