Бұл туралы кеше Алматы әкімі Ахметжан Есімовтің 7-Қысқы Азия ойындарының баспасөз және IBC орталығының жұмысымен танысуы барысында мәлім болды.
Баспасөз орталығы көпсалалы «Алматы Тауэрс» бизнес орталығында орналасқан. 400 журналистің жұмыс істеуіне лайықталған орталықта бірнеше тілді меңгерген еріктілер мен дирекция қызметкерлері жұмыс істейтін болады. Зал ойындарды тікелей көруге арналған мониторлармен, халықаралық байланысқа мүмкіндік беретін байланыспен, жоғары жылдамдықтағы интернетпен жабдықталған. Сондай-ақ конференцияларға арналған баспасөз залы бар.
Естеріңізге сала кетейік, бұнымен қатар Алматыдағы ойындар өтетін нысандарда 6 арнайы баспасөз орталығы жұмыс істейтін болады.