7-Қысқы Азия ойындарына қатысушы Куәйт құрама командасы Астанаға келді

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - 7-Қысқы Азия ойындарына қатысушы Куәйт құрама командасы Астанаға келді. Осыған орай бүгін елордадағы мұз қалашығында осы елдің спортшыларына құрмет көрсету рәсімі өтті.

Куәйт елінің делегациясы 5 атлетшіден, сонымен қатар 22 хоккейшіден тұратын құрамасымен келіп отыр.

Іс-шара аясында штаб-пәтері Куәйтте орналасқан Азия Олимпиада кеңесінің әнұраны ойналып, туы салтанатты түрде көкке көтерілді. Осыдан кейін 7-Қысқы Азия ойындарында шайбалы хоккейден өнер көрсететін Куәйт құрама командасына ұйымдастыру комитетінің атынан естелік кәдесый табыс етілді.