Екінші орында қытай құрамасы тұр: олардың еншісінде 5 алтын, 5 күміс, 4 қола медаь бар. Үшінші орында 5 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен Оңтүстік Корея құрамасы келеді. Төртінші орында тұрған Жапония құрамасында 3 алтын, 5 күміс, 7 қола медаль бар. Ал жарысқа қатысып жатқан өзге 23 елдің ішінде әзірге Иран мен Моңғолия құрамаларының қоржынында бір-бірден ғана қола жүлде түсіп отыр. Жалпы алғашқы 2 күннің ішінде 25 медальдар топтамасы ғана өз иесін тапты. Енді сәрсенбіде - 9, бейсенбіде -6, жұмада - 10, ал сенбіде ақырғы медальдардың жиынтығ сарапқа салынатын болады.
17:28, 01 Ақпан 2011
7-Қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 2 күннің ішінде 10 алтын, 10 күміс, 7 қола медаль жеңіп алды
АЛМАТЫ. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Астана мен Алматы қалаларында өтіп жатқан 7-Қысқы Азия ойындарында спорттың 4 түрі бойынша 11 медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Қазір 10 алтын, 10 күміс, 7 қола жүлдемен Қазақстан құрамасы бейресми жалпыкомангдалық көш бастап келеді.