Жиналған қауымның алдында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Азиаданың Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отырғанын айта келіп, «мұны біздің елімізге көрсетілген құрметтің белгісі деп білемін», деп атап көрсетті. Азиаданы өткізуге еліміздің үлкен дайындықпен келіп отырғанын айтып өткен Елбасы, республикамызда бірқатар жаңа спорттық нысандар, оның ішінде бүгінгі ашылу салтанаты өтіп отырған «Астана-Арена» стадионы салынғанын айтты.
Н.Назарбаев сондай-ақ, бүгінгі Азиаданың Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығында өтетін бірқатар үлкен шаралардың беташары екенін жеткізді.