7 мамырда ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған ерекше әскери парад өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы 7 мамырда еліміздің бас шаһары - Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған әскери парад өтеді. Жылдың ауқымды әскери шарасына кешенді дайындық басталып та кетті. Парадты Еліміздің Президенті - Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы қабылдайды. Әскери парадқа 5 мыңнан астам адам, оның ішінде 154 адамнан 27 жаяу парадтық есептоп қатысады.

Әскери парад тартылған жеке құрам және техникалар саны бойынша бұрын өткізілген парадтардың ішіндегі ең ірісі. 2017 жылы өткізілетін парадтың ерекшелігі аумақтық қорғаныс бригадасының ротасын, барлау ротасы және еліміздің 4 «Жас ұлан» мектебінен құрама барабаншылар ротасының, сондай-ақ ҚР ҚМ әскери-техникалық мектебінің тартылуы болып табылады.

Егеменді Қазақстанның тарихында айрықша датаға, яғни, Қарулы Күштердің құрылуының 25 жылдығына тұспа-тұс келген алдағы әскери парадтың өзіндік ерекшеліктері бар.

Бұл әскери парад - тартылған жеке құрам және техникалар саны бойынша бұрын өткізілген парадтардың ішіндегі ең ірісі.

Көзтартарлық шеруге 300-ге жуық әскери техника тартылатын болады. Сондай-ақ, қазақстандық авиацияның көк аспандағы қуаты 80 бірлік авиациялық техника қатысады. Осы орайда, қазақстандықтар парадта су жаңа әскери техниканы, заманауи қару-жарақ үлгілерін тамашалай алады. Айта кетейік, бұл жап-жаңа заманауи техникалар мен қару-жарақтар Қарулы Күштердің арсеналына 2016 және 2017 жылдары қосылған.

Сонымен қатар, алаңда бірінші рет БПЛА («Wing long», «Hermes-90» и «Бусел»), гидроцикл, катер, квадрацикл, багги және «Джигит» зеңбірек қондырғыларының жаңа үлгілері ұсынылады. Әуеде қазақстандық авиацияның күші мен жауынгерлік әзірлігін 70 тік ұшақ пен ұшақтар көрсететін болады. Бірінші рет «Хьюи» тік ұшағы және TL-2000 және Zlin оқу-жаттықтыру ұшақтары ұсынылатын болады.

Әскери парадтың тағы бір ерекшелігі - оған Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагерлері, «Жас ұлан» әскери мектептерінің тәрбиеленушілері және аумақтық қорғаныс бригадасының ротасы қатысатын болады. Сондай-ақ, аталған шараға әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері мен әскери-техникалық мектептердің шәкірттері де қатысады деп күтілуде.

Осы жылдың тағы бір кезекті ауқымды және маңызды іс-шараларының бірі - Армия халықаралық ойындары. Армия халықаралық ойындарының 28 конкурсы 5 ел аумағында өтеді деп жоспарлануда. Олар: Ресей, ҚХР, Қазақстан, Әзербайжан және Беларус. Қазақстанның әскери қызметшілері 11 сайыста бақ сынасады. Оған қоса еліміздің аумағында да үш конкурс өтетін болады: «Артиллериядан оқ ату шебері», «Мергендер шебі» және «ҰҰА есебінің сайысы».

ҚР Қорғаныс министрлігі өкілдерінің сөздеріне сүйінсек, мұндай ауқымды сайыстарға қатысу біздің әскери қызметшілеріміздің жауынгерлік шеберлігін шындап, кәсібилігін арттырады, сондай-ақ, конкурстарды еліміздің аумағында өткізу Қарулы Күштердің және еліміздің беделін танытып, халықаралық деңгейге көтермек.

Сонымен қатар, 2016 жылы «АрМИ» ойындарында Қазақстан республикасының командасы жоғары нәтиже көрсеткенін айта кеткен жөн. Біздің әскери қызметшілер бірнеше сайыс түрлерінде өздерінің кәсіби шеберліктерін танытып алғаш рет қатысты. Ел Қарулы Күштерінің командасы армия ойындарында жеке құрамның саны мен сайыстарға қатысуы бойынша ең үздік, топ жарғандардың бірі болды.