7 маусым күні Қазақстанның 4 қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі, 7 маусым күні Қазақстанның 4 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Жайсыз метеорологиялық жағдайлар, яғни ауаның ластануы Астана, Қарағанды, Талдықорған және Шымкент қалаларында қалыптасады.

Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қостанай, қызылорда, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Тараз, Орал және Өскемен қалаларында жағдай қалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.